Басты бет
·
АО-2026

Қазақстан стенд атудан Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Сали Сабиров

Фото: Сали Сабиров

Қазақстан ерлер құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарында стенд атудан трап бағдарламасы бойынша қола медаль жеңіп алды.

Командалық есепке іріктеу кезеңінде өнер көрсеткен Әлішер Айсалбаев, Даниил Почивалов және Марк Почиваловтың нәтижелері енгізілді. Қазақстандық спортшылар жалпы 348 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды. Кувейт құрамасы 355 ұпаймен алтын медаль алса, Катар 349 ұпаймен күмісті иеленді.

Даниил Почивалов үшін бұл ірі халықаралық жарыстағы алғашқы жүлде емес. Ол 2023 жылы Бакуде өткен әлем чемпионатында аралас трап бағдарламасында қола медаль жеңіп алған. Ал 2026 жылғы Дохада өткен Азия чемпионатында үшеуі де жеке іріктеу кезеңінде сынға түсті. Марк Почивалов 13-орын, Әлішер Айсалбаев 19-орын, Даниил Почивалов 23-орын алды.

Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Қазақстан стенд атудан Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды – sport-hub