Басты бет
·
АО-2026

Қазақстандық садақшылар Азия ойындарындағы жеке жарысын аяқтады

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Никита Басов

Фото: Никита Басов

Қазақстандық садақшылар Илфат Абдуллин мен Дәулеткелді Жанбырбай 2026 жылғы Азия ойындарындағы жеке сайыста өнер көрсетуді аяқтады.

Абдуллин плей-офф кезеңін филиппиндік Колас Часс Мхайвенді 7:3 есебімен жеңуден бастады. 1/8 финалда қазақстандық садақшы Өзбекстан өкілі Амирхон Садықовпен кездесіп, 3:7 есебімен жеңіліп қалды.

Ал Жанбырбай жарысты 1/16 финалда аяқтады. Ол Бангладеш өкілі Рамкришна Сахамен болған кездесуде 4:6 есебімен ұтылды.

Айта кетейік, қазақстандық спортшылар Азия ойындарына елдің ең мықты екі садақшысы ретінде келді. Қазақстан чемпионатында Илфат классикалық садақ атудан алтын медаль, ал Дәулеткелді күміс жүлде жеңіп алған. Бұған дейін қос спортшы да ұлттық құраманың Азия чемпионатында екінші орын алуына және 2024 жылғы Париж Олимпиадасына жолдама иеленуіне үлес қосты.

Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Қазақстандық садақшылар Азия ойындарындағы жеке жарысын аяқтады – sport-hub