Айғаным Жанболат ауыр атлетикадан Азия ойындарында жетінші орын алды

Фото: Арлан Олжабай
Қазақстандық ауыр атлет Айғаным Жанболат 2026 жылғы Азия ойындарында 86 келіге дейінгі салмақта жетінші орын иеленді.
Жанболат жұлқа көтеруде 102 келіні, серпе көтеруде 130 келіні еңсерді. Нәтижесінде қазақстандық спортшының қос сайыстағы жалпы көрсеткіші 232 келіні құрады.
Алтын медальды Қытай өкілі У Янь 273 келі (124+149) нәтижесімен жеңіп алды. Бахрейн атынан сынға түскен Алина Марущак 272 келі (124+148) көтеріп, күміс жүлдеге ие болды. Ирандық Махса Бехешти 259 келі (113+146) нәтижесімен қола медаль алды.
Айта кетейік, Жанболат – Қазақстанның қазіргі чемпионы. Ол желтоқсанда ел чемпионатында 77 келіге дейінгі салмақта топ жарып, 228 келі (103+125) нәтиже көрсеткен.
Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.