Соня Жиенбаева Ван Сиюйден жеңіліп, Азия ойындарын аяқтады

Фото: Никита Басов
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының әйелдер арасындағы жекелей сынында ширек финалға шыға алмады.
Екінші айналымда Қазақстан өкілі Қытай теннисшісі Ван Сиюймен кездесті. Матч 1 сағат 46 минутқа созылып, қытайлық спортшы үш сетте 6:1, 4:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Ширек финалда Ван Сиюй Жапония өкілі Моюка Утидзимамен кездеседі.
Жиенбаева турнирді Гонконг өкілі Адитхья Карунаратнені жеңуден бастаған еді. Бірінші айналымдағы кездесуде қазақстандық теннисші 6:1, 7:5 есебімен басым түсті.
Жиенбаеваның жарыстан шығуына байланысты 2026 жылғы Азия ойындарының әйелдер арасындағы жекелей сынында Қазақстан сапынан енді Юлия Путинцева ғана өнер көрсетеді.