Басты бет
·
Хоккей

Хагельдің дублі «Тампаға» ҰХЛ-да қатарынан екінші жеңісін әкелді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: ХК «Тампа-Бэй Лайтнинг»

Фото: ХК «Тампа-Бэй Лайтнинг»

«Тампа-Бэй Лайтнинг» Ұлттық хоккей лигасының (ҰХЛ) 2026/27 жылғы тұрақты чемпионатында «Коламбус Блю Джекетсті» сырт алаңда 3:1 есебімен жеңді.

Кездесу АҚШ-тың Коламбус қаласындағы «Нейшнвайд» аренасында өтті. Матчтың басты қаһармандарының бірі Брэндон Хагель болды. Ол екі шайба соғып, бір нәтижелі пас берді.

ҰХЛ. Тұрақты чемпионат

«Коламбус Блю Джекетс» – «Тампа-Бэй Лайтнинг» – 1:3.

Шайбалар: Нис – Хагель (2), Гюнцель.

Үшінші минутта Брэндон Хагель Никита Кучеров пен Шарль-Эдуар Д'Астустың нәтижелі пастарынан кейін есеп ашты.

Ал 13-минутта «Коламбус» шабуылшысы Мэтт Нис сан басымдығын пайдаланып, таразы басын теңестірді. Оған Кент Джонсон мен Шон Монахан нәтижелі пас берді.

Одан кейін «Тампа» қайтадан алға шығып, матч соңына дейін басымдығын сақтап қалды. Хагель екінші шайбасын соқса, Джейк Гюнцель де гол авторы атанып, бір нәтижелі пас берді.

Ресейлік шабуылшы Никита Кучеров кездесуді екі нәтижелі паспен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Кучеров «Баффало Сэйбрзге» қарсы матчта (8:3) үшінші кезеңде хет-трик жасап, бір нәтижелі пас берген болатын.

Осылайша Джон Купер жаттықтыратын «Тампа-Бэй Лайтнинг» тұрақты чемпионаттағы қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді. Команда ҰХЛ-дың Шығыс конференциясында жоғары орындарға таласын жалғастырып жатыр.