Ханзада Гарри мен Меган Маркл алты жылдан кейін Ұлыбританияға оралуды жоспарлап отыр

Бекарыс Әлімхан··
Фото: x_@nypost

Фото: x_@nypost

Ханзада Гарри мен Меган Маркл АҚШ-қа көшкеніне алты жыл өткен соң балаларымен бірге Ұлыбританияға оралуды жоспарлап отыр.

People басылымының мәліметінше, Гарри мен Меган корольдік резиденцияларға қатысы жоқ жеке үйге көшеді. Олардың жеті жастағы ұлы Арчи мен бес жастағы қызы Лилибет қыркүйек айынан бастап Ұлыбританияда білім ала бастайды. Сонымен қатар ерлі-зайыптылар АҚШ-тың Монтеситодағы жылжымайтын мүлкін сақтап қалмақ.

Король Чарльз III ұлының бұл шешімінен хабардар. Ол немерелерімен жиі кездесуге мүмкіндік туады деп үміттенеді. Соңғы уақытта Гарридің әкесімен қарым-қатынасы да жақсара бастаған. Осы жазда Гарри отбасы Ұлыбританияға барып, монархпен кездескен еді. Алайда Гарри мен Меган корольдік отбасының жұмыс істейтін мүшелері ретіндегі міндеттеріне қайта оралуды жоспарлап отырған жоқ.

Сассекс герцогі мен герцогинясы 2020 жылы корольдік отбасының аға жұмыс істейтін мүшелері мәртебесінен бас тартқан. Осыдан кейін олар АҚШ-қа көшіп, жеке коммерциялық және медиажобаларымен айналыса бастады. Кейін Гарридің «Запасной» атты мемуары жарық көріп, ерлі-зайыптылардың корольдік отбасымен қарым-қатынасы одан әрі шиеленісе түсті.

Гарридің отбасын Ұлыбританияға жиі алып келуіне кедергі болған негізгі мәселелердің бірі қауіпсіздікке қатысты болды. 2025 жылдың мамырында ол корольдік міндеттерінен бас тартқаннан кейін өзіне берілетін мемлекеттік күзеттің шарттарын өзгертуге қатысты сот ісінде жеңіліп қалған.

АҚШ-та тұрған жылдары ерлі-зайыптылар Archewell Productions компаниясын дамытты. Компанияның жобалары қатарында «Гарри мен Меган», «Сердце непокорённых» және «Поло» деректі сериалдары бар. Ал Меган өзінің «С любовью, Меган» атты лайфстайл-шоуын іске қосып, As Ever брендін құрды.

2025 жылы жұп Netflix-пен ынтымақтастығын ұзартты. Олар жаңа жобаларды қарастыруға арналған көпжылдық келісім жасасты.

Ханзада Гарри мен Меган Маркл алты жылдан кейін Ұлыбританияға оралуды жоспарлап отыр – sport-hub