Хави Нидерланд құрамасының жаңа бас бапкері атанды

Фото: Getty Images
Нидерланд құрамасын жаңа футбол циклінде Хави Эрнандес жаттықтырады.
Испаниялық маманға Нидерланд корольдік футбол одағы ұсыныс жасап, тараптар 2030 жылғы әлем чемпионаты аяқталғанға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
46 жастағы бапкер үшін бұл ұлттық құрамамен жұмыс істеудегі алғашқы тәжірибе болмақ. Бұған дейін Хави жаттықтырушылық мансабын тек клуб деңгейінде өткізді. Оның ең маңызды кезеңі 2021 жылы тізгінін ұстаған «Барселонадағы» жұмысы болды.
Сол кезде Хави Рональд Куманның орнына келген еді. Бірнеше жылдан кейін бұл тарих ұлттық құрама деңгейінде қайталанып отыр. Испаниялық маман Нидерланд құрамасында да дәл осы нидерландтық бапкердің ізбасары атанды.
Бос тұрған қызметке өзге де танымал мамандар үміткер болды. Олардың қатарында Роберто Мартинес, Эрик тен Хаг және Петер Бос бар еді. Алайда Нидерланд футболының басшылығы Хавиге тоқтады.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатында Нидерланд құрамасы 1/16 финал кезеңінде жарысты аяқтады. Мароккомен өткен матчтың негізгі және қосымша уақытында жеңімпаз анықталған жоқ. Кездесудің тағдыры пенальти сериясында шешіліп, онда марокколықтар дәлірек болды.