Хоккейден ӘЧ-2026 турнирінің үздік қақпашысы, қорғаушысы және шабуылшысы анықталды

Фото: IIHF ресми сайты
Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) Швейцарияда өткен 2026 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншыларын атады.
Үздік қақпашы — Хенрик Хёукеланн. Норвегиялық голкипер турнир барысындағы үш кездесуде қақпасын құрғақ сақтады. Ол 10 ойында қарсыластары бағыттаған соққылардың 93,7 пайызын тойтарып, сенімділік коэффициентін 1,74 деңгейіне дейін көтерді.
Үздік қорғаушы — Роман Йоси. Швейцариялық қорғаушы 10 матчта 12 ұпай (5 гол және 7 нәтижелі пас) жинады.
Үздік шабуылшы — Маклин Селебрини. Канада құрамасының форварды 10 кездесуде 14 ұпайға (6 гол және 8 нәтижелі пасқа) қол жеткізді.
Еске салайық, әлем чемпионатының жеңімпазы Финляндия құрамасы атанды. Финалдық кездесудегі овертаймда финдер Швейцарияны 1:0 есебімен жеңді. Алтын шайбаны матчтың 71-минутында Конста Хелениус соқты.
Ал қола медаль үшін өткен матчта Норвегия құрамасы Канаданы овертаймда 3:2 есебімен ұтты. Норвегия үшін бұл әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы жүлде болды.