Роман Йоси хоккейден ӘЧ-2026 турнирінің ең үздік ойыншысы атанды
Бөлісу

Фото: IIHF
Швейцария құрамасының қорғаушысы Роман Йоси 2026 жылғы хоккейден әлем чемпионатының ең маңызды ойыншысы (MVP) атанды.
Дәстүр бойынша MVP сыйлығы турнирдің финалдық матчы басталғанға дейін табысталды. Шешуші кездесуде Швейцария құрамасы Финляндияға овертаймда 0:1 есебімен жол берді.
35 жастағы «Нэшвилл Предаторз» клубының хоккейшісі турнирде 10 матч өткізіп, бес шайба соғып, жеті нәтижелі пас берді.
Осылайша әлем чемпионаты тарихында қатарынан төртінші рет MVP атанған ойыншы турнир жеңімпазы атана алмады. Бұған дейін Леонардо Дженони (2025, Швейцария), Кевин Фиала (2024, Швейцария) және Артур Шилов (2023, Латвия) та ең құнды ойыншы атағын алғанымен, алтын медаль жеңе алмаған еді.