Киньонес Мексика – Эквадор матчының үздік ойыншысы атанды

Бегасыл Амирбай ··
ФИФА

ФИФА

Мексика құрамасының шабуылшысы Хулиан Киньонес 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалындағы Эквадорға қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды.

Сауд Арабиясының «Әл-Қадисия» клубында өнер көрсететін шабуылшы кездесудің 22-минутында есеп ашып, кейін бір нәтижелі пас берді. Нәтижесінде Мексика құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды.

Келесі кезеңде мексикалықтар Англия мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Мексика топтық кезеңде тоғыз ұпай жинап, А тобында бірінші орын алды. Ал Эквадор төрт ұпаймен Е тобында үшінші орынға тұрақтап, плей-офф кезеңіне шыққан болатын.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде аяқталады.

Киньонес Мексика – Эквадор матчының үздік ойыншысы атанды – sport-hub