Мексика Эквадорды қапы қалдырып, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Бегасыл Амирбай ··
ФИФА

ФИФА

Мексика құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Эквадорды 2:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Кездесу Мексиканың Мехико қаласындағы «Ацтека» стадионында өтті. Матчтағы есепті 22-минутта шабуылшы Хулиан Киньонес ашып, тоғыздыққа дәл соққы жасады. Араға он минут салып Мексика құрамасының капитаны Рауль Хименес қақпашымен жеке шығып, мүмкіндігін мүлт жібермей, ойынның қорытынды есебін белгіледі.

Еске салайық, топтық кезеңде Мексика тоғыз ұпай жинап, А тобында бірінші орын алған болатын. Ал Эквадор төрт ұпаймен Е тобында үшінші орын алып, плей-офф кезеңіне шыққан еді. Енді Мексика ширек финал жолдамасы үшін Англия мен Конго Демократиялық Республикасы құрамалары арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалы 19 шілдеде болады.

Мексика Эквадорды қапы қалдырып, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты – sport-hub