Мексика құрамасы Чехияны жеңіп, топ жеңімпазы атанды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Футболдан Мексика құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші турда Чехияны 3:0 есебімен жеңіп, плей-оффқа бірінші орынмен шықты.

Кездесу Мехикодағы «Ацтека» стадионында өтті. Есеп екінші таймда ашылды. 55-минутта Матео Чавес айып алаңының сыртынан дәл соққы жасап, Мексиканы алға шығарды. Арада алты минут өткенде Хулиан Киньонес жақын қашықтықтан есеп айырмасын еселей түсті. Ал матчтың соңғы голын Альваро Фигальдо соқты.

Үш турдың қорытындысы бойынша Мексика құрамасы 9 ұпаймен топта бірінші орын алды. 4 ұпай жинаған Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР) екінші орынмен плей-оффқа жолдама алды. Оңтүстік Корея 3 ұпаймен үшінші орынға тұрақтаса, 1 ұпай еншілеген Чехия құрамасы жарысты топтық кезеңде аяқтады.

Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде мәресіне жетеді.

Мексика құрамасы Чехияны жеңіп, топ жеңімпазы атанды – sport-hub