Марокко Гаитиді жеңіп, плей-оффқа жолдама алды

Бегасыл Амирбай ··
ФИФА

ФИФА

Футболдан Марокко құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші турда Гаитиді 4:2 есебімен жеңіп, плей-офф кезеңіне шықты.

Кездесу Атлантадағы «Мерседес-Бенц» стадионында өтті. Есеп матчтың 10-минутында Марокко қақпашысы Ясин Бононың автоголынан кейін ашылды. 29-минутта Ашраф Хакими таразы басын теңестірді. Алайда бірінші тайм аяқталар тұста гаитилік шабуылшы Уилсон Исидор өз командасын қайтадан алға шығарды. Бұған жауап ретінде 45+1-минутта Исмаэль Сайбари есепті теңестірді.

Екінші таймда Суфьян Рахими айып алаңының сыртынан дәл соққы жасап, Марокконы алға шығарды. Ал матчтың соңғы нүктесін Джасим Ясин қойып, қарсыластың айып алаңында дәл соққымен есепті 4:2-ге жеткізді.

Үш турдың қорытындысы бойынша Марокко мен Бразилия құрамалары 7 ұпайдан жинап, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Шотландия 3 ұпаймен үшінші орынға тұрақтаса, әлем чемпионатына алғаш рет қатысқан Гаити құрамасы ұпайсыз қалды.

Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде мәресіне жетеді.