Кинопоиск 2026-ӘЧ екінші турының көрермен аудиториясы бойынша қорытынды жасады

Пахита Амири··
Фото: Reuters/Maria Lysaker

Фото: Reuters/Maria Lysaker

Өзбекстан мен Португалия құрамалары арасындағы матч турдың ең танымал ойынына айналды.

Футболдан әлем чемпионаты аясында өткен Өзбекстан мен Португалия құрамаларының матчы Қазақстандағы Кинопоиск платформасындағы ең танымал спорттық оқиғалардың бірі болды.

Кинопоиск көрермендер саны бірнеше есе артқан және жүктеме күшейгеніне қарамастан, матч трансляциясының тұрақты жұмысын қамтамасыз етті. Пайдаланушылар ойынды тікелей эфирде ешқандай техникалық кедергісіз көре алды.

Әлем чемпионатына орай Кинопоиск жанкүйерлерге арналған мүмкіндіктерді кеңейтті. «Спорт» бөлімінде «Инсайттар» режимі пайда болды, ол матчты көріп отырып командалар мен ойыншылардың кеңейтілген статистикасын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл функция смартфондарда, ноутбуктарда және Smart TV құрылғыларында қолжетімді.

Пайдаланушылар спорттық трансляцияларды түрлі құрылғыларда көре алады, командалар мен турнирлерді «таңдаулыларға» қосып, матчтар мен шолуларды басты беттен көре алады, сондай-ақ нәтижелерді жасыратын «Антиспойлер» функциясын пайдалана алады.

Әлем чемпионатына деген жоғары қызығушылық сервистегі спорт бағытының жалпы өсуін көрсетеді. Соңғы екі жылда Қазақстандағы Кинопоиск платформасындағы спорт контентінің аудиториясы алты еседен астам өсті.

Өсімнің негізгі факторларының бірі халықаралық спорт контентінің кеңеюі. Қазір Кинопоиск пайдаланушыларына Англия Премьер-лигасы, Ла Лига, НХЛ, UFC және Формула-1 сияқты әлемнің ең ірі турнирлері қолжетімді.

Фото: Reuters/Maria Lysaker

Фото: Reuters/Maria Lysaker

Тағы бір маңызды фактор Қазақ футболының дамуы. Қазақстан футбол федерациясымен серіктестік аясында платформада Қазақстан Премьер-лигасы мен Қазақстан Кубогының матчтары көрсетіледі. Қазіргі таңда ҚПЛ Кинопоисктағы ең танымал турнирлердің біріне айналды, ал өткен жылы «Қайрат» ФК матчтарын Қазақстандағы Яндекс Плюс жазылушыларының әр үшіншісі көрген.

Соңғы бірнеше жылда Кинопоиск онлайн-кинотеатрдан Қазақстандағы жетекші спорт платформаларының біріне айналды. Бүгінде сервис әлемдік ірі турнирлерді, қазақстандық спортты және жанкүйерлерге арналған заманауи цифрлық мүмкіндіктерді біріктіріп, елдегі спорт нарығындағы позициясын нығайтып келеді.

Кинопоиск Яндекс Плюс жазылымына кіреді. Бұл жазылым фильмдерге, сериалдарға, спорт трансляцияларына, музыка мен кітаптарға, сондай-ақ Яндекс сервистері мен Қазақстандағы серіктестердің арнайы ұсыныстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.