«Кинопоиск» пен «Қайрат» Қазақстандағы беделді марапаттың жеңімпаздары атанды

Кинопоиск ФК Кайрат бірлескен жобасы «Үздік спорттық маркетинг» аталымында жеңімпаз атанды. Бұл марапат Metaratings Top Awards аясында табысталды.
Футболдан FIFA World Cup басталған күні Алматы қаласында ұлттық деңгейдегі Metaratings Top Awards салтанатты рәсімі өтті. Бұл Қазақстандағы спорт маркетингі мен спорт бизнесі саласындағы ең ірі және маңызды шаралардың бірі. Байқауда елдегі спорттың дамуына үлес қосып жүрген үздік жобалар, агенттіктер, клубтар мен федерациялар марапатталды.
Кинопоиск спорт бағытын белсенді дамытып келеді. 2024 жылдың тамыз айында платформада «Спорт» бөлімі іске қосылып, қолданушыларға футбол, хоккей, жекпе-жек спорттары, автоспорт, баскетбол және теннис сияқты ірі жарыстардың тікелей трансляцияларын көру мүмкіндігі берілді.
Сонымен қатар қазақстандық жанкүйерлерге ұлттық турнирлерді тамашалау қолжетімді болды. Ал «Кинопоиск Матч тура» форматы орталық матчтарды жеке медиа оқиғаға айналдырып, лигалар, клубтар мен жанкүйерлерді бір кеңістікке біріктірді.
Биылғы жазда сервис ерекше қарқын алмақ: Кинопоиск платформасында футболдан әлем чемпионатының барлық матчтары көрсетіледі.
Турнирге арнайы «Спорт» бөлімінде жаңа функциялар қосылды. Соның бірі – «Инсайты» режимі, ол арқылы матч барысында командалар мен ойыншыларға қатысты негізгі статистиканы тікелей эфир кезінде көруге болады. Бұл деректер бұрын қолжетімді болмаған аналитиканы да қамтиды. Функция компьютерде, смартфонда және Smart TV құрылғыларында жұмыс істейді.
Айта кетейік, өткен жылы онлайн-кинотеатр Яндекс Плюс аясында «Спорттағы жылдың бренді» аталымында марапатталған болатын. Бұл жетістіктер сервистің спорт бағытын жүйелі түрде дамытып, трансляцияларды кең аудиторияға қолжетімді етіп отырғанын көрсетеді.