Басты бет
·
Футбол

Киву «Интердің» «Фейеноордқа» қарсы жеңісіне баға берді

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Миландық «Интердің» бас бапкері Кристиан Киву Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда нидерландиялық «Фейеноордқа» қарсы өткен сырт алаңдағы матчты қорытындылады.

Италиялық команда сенімді жеңіске жетті – 3:0.

Нидерландыда өткен кездесуде «Интер» сапынан Янн Биссек, Франческо Эспозито және Пётр Зелиньски гол соқты.

Матчтан кейін Киву шәкірттерінің алаң иелерінің айтарлықтай қарсылығына тап болғанын, алайда ерте соғылған гол командаға сенімділік беріп, ойынды бақылауға алуға көмектескенін айтты.

«Бізді бұл стадионда өте қиын матч күтіп тұрғанын түсіндік. Бақытымызға орай, есепті жылдам аштық. Бұл командаға сенімділік қосты. Осыдан кейін футболшылар еркін ойнап, матчқа дұрыс дайындалғанымызды сезінді.

Бүгін сіздер біз көргіміз келетін «Интерді» көрдіңіздер: ұйымшыл, қарқынды ойнайтын және үлкен сынақтарға дайын команда. Шәкірттерім осындай күрделі сырт алаңдағы матчта жеңіске жетуге қажетті барлық қасиеттерін көрсетті», – деп келтіреді бапкердің сөзін Sky Sport Italia.

Төрт турдан кейін «Интердің» еншісінде алты ұпай бар. Миландық клуб Чемпиондар лигасының жалпы кестесінде 14-орында тұр. Ал үш ұпай жинаған «Фейеноорд» 30-сатыға жайғасқан.

Келесі турда италиялық команда 25 қарашада өз алаңында германиялық «Штутгартты» қабылдайды. Ал бір күн бұрын «Фейеноорд» португалиялық «Портуға» қарсы ойнайды.