Клопп Германия құрамасын жаттықтыруы мүмкін

Фото: «Ливерпуль» ФК
59 жастағы Юрген Клопп Германия құрамасының бас бапкері қызметіне негізгі үміткер саналып отыр.
Sky Sport Germany таратқан ақпаратқа сәйкес, «Ливерпульдің» бұрынғы бас бапкері Германия футбол одағынан ресми ұсыныс түссе, оны қабылдауға дайын.
Ал Германия құрамасының қазіргі бас бапкері Юлиан Нагельсманның болашағы әзірге белгісіз. Соңғы шешім қабылданбағанымен, команданың 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында жарыс жолынан шығып қалуынан кейін маманға деген басшылықтың сенімі азайған.
Дереккөздің мәліметінше, Германия құрамасының ең төменгі міндеті кемінде 1/8 финалға шығу болған. Сондықтан Нагельсманды қызметінен босату ықтималдығы артып отыр.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Парагвай құрамасы Франциямен кездеседі. Матч 5 шілдеде өтеді.
Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалы 19 шілдеге жоспарланған.