Клопп Германияның ӘЧ турнирінен шығып қалғаннан кейін VAR шешімін сынға алды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: «Ливерпуль» ФК  / Chris Shaw

Фото: «Ливерпуль» ФК / Chris Shaw

«Ливерпульдің» бұрынғы бас бапкері Юрген Клопп 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Германия құрамасының Парагвайдан жеңілуіне (1:1, пенальти сериясы – 2:3) қатысты пікір білдірді.

Қосымша уақытта қорғаушы Жонатан Та гол соғып, немістерге жеңіс сыйлауы мүмкін еді. Алайда VAR қайта қарауынан кейін төреші қақпаға соғылған голды есептемей, қақпашы Орландо Гиллге қарсы ереже бұзылды деп шешім шығарды. Кейін Германия пенальти сериясында жеңіліп қалды.

«Егер бұл гол заңсыз болса, онда «Арсенал» Англия чемпионы болмас еді. Олар голдарының 60 пайызын дәл осылай соқты. Біз доп қақпаға түскен кезде матчты жеңеміз. Әрине, бұл өте қатал шешім. Спорттағы жеңілістен де ауыр нәрселер бар. Бірақ бізде бір мақсат, бір арман болды, ол күйреді. Бұл өте драмалық жағдай. Футбол матчында жеңудің 500 мың жолы бар. Тек соның бірін табу керек», – деді Клопп Magenta TV эфирінде.

Бұл Германия құрамасы үшін әлем чемпионаттары тарихындағы пенальти сериясындағы алғашқы жеңіліс болды. Бұған дейін немістер әлемдік біріншіліктерде өткен барлық төрт пенальти сериясында жеңіске жеткен еді.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.