Колумбия құрамасы әлем чемпионаты қарсаңында Коста-Риканы жеңді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: FCF

Фото: FCF

Колумбия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясындағы жолдастық кездесуде Коста-Риканы 3:1 есебімен жеңді.

Кездесу Боготадағы «Эстадио Немесио Камачо» стадионында өтті.

Есеп 17-минутта ашылды. Алғашқы голды Давинсон Санчес соқты. Алты минуттан кейін алаң иелерінің басымдығын Луис Диас еселей түсті. Қонақтардың жалғыз голын 33-минутта Андрей Сото орындады. Матчтың қорытынды есебін 81-минутта Луис Суарес белгілеп, Колумбия құрамасына 3:1 есебімен жеңіс сыйлады.

2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Колумбия құрамасы Өзбекстан, Португалия және Конго Демократиялық Республикасы құрамаларымен бақ сынайды. Турнир 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Колумбия құрамасы әлем чемпионаты қарсаңында Коста-Риканы жеңді – sport-hub