Гана құрамасы әлем чемпионатына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады

Фото: GFA
Гана құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын соңғы құрамын жариялады. Команданың өтініміне 26 футболшы енді.
Бас бапкер Карлуш Кейруш құрамға Еуропаның жетекші чемпионаттарында өнер көрсететін тәжірибелі ойыншыларды қосты.
Қақпашылар: Бенджамин Асаре («Хартс оф Оук»), Лоуренс Ати-Зиги («Санкт-Галлен»), Джозеф Ананг («Сент-Патрикс Атлетик»).
Қорғаушылар: Баба Абдул-Рахман (ПАОК), Гидеон Менса («Осер»), Марвен Сеная («Осер»), Алиду Сейду («Ренн»), Абдул Момин («Райо Вальекано»), Джером Опоку («Истанбул Башакшехир»), Джонас Аджети («Вольфсбург»), Коджо Пепра Оппонг («Ницца»).
Жартылай қорғаушылар: Элиша Овусу («Осер»), Томас Парти («Вильярреал»), Кваси Сибо («Овьедо»), Огустин Боаке («Сент-Этьен»), Калеб Йиренки («Норшелланд»), Абдул Фатау Иссахаку («Лестер»), Камал Сулейман («Аталанта»).
Шабуылшылар: Кристофер Бонсу Баа («Аль-Кадисия»), Эрнест Нуама («Лион»), Антуан Семеньо («Манчестер Сити»), Брэндон Томас-Асанте («Ковентри»), Принс Квабена Аду («Виктория Пльзень»), Инаки Уильямс («Атлетик»), Джордан Айю («Лестер»).
Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Гана құрамасы Англия, Хорватия және Панама құрамаларына қарсы ойнайды. Турнир 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.