Сауд Арабиясы әлем чемпионатына арналған соңғы құрамын жариялады

Темирлан Мажекенов ··
Фото: REUTERS/Ahmed Yosri

Фото: REUTERS/Ahmed Yosri

Сауд Арабиясының футбол федерациясы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады.

Қорытынды өтінімге 26 футболшы енді.

Қақпашылар: Ахмед Әл-Кассар («Әл-Қадисия»), Мохаммед Әл-Овайс («Әл-Хиляль»), Наваф Әл-Акиди («Әл-Наср»).

Қорғаушылар: Сауд Абдулхамид («Ланс»), Абдулела Әл-Амри («Әл-Иттихад»), Джихад Такри («Әл-Қадисия»), Хассан Әл-Тамбакти («Әл-Хиляль»), Али Әл-Ауджами («Әл-Хиляль»), Хассан Кадеш («Әл-Иттихад»), Мотеб Әл-Харби («Әл-Хиляль»), Али Маджраши («Әл-Ахли»), Мохаммед Абу Әл-Шамат («Әл-Қадисия»), Наваф Әл-Бушал («Әл-Наср»).

Жартылай қорғаушылар: Зияд Әл-Джохани («Әл-Ахли»), Нассер Әл-Давсари («Әл-Хиляль»), Мохаммед Канно («Әл-Хиляль»), Абдулла Әл-Хайбари («Әл-Наср»), Алаа Әл-Хаджи («Неом»), Мусаб Әл-Джувайр («Әл-Қадисия»), Салем Әл-Давсари («Әл-Хиляль»).

Шабуылшылар: Фирас Әл-Бурайкан («Әл-Ахли»), Абдулла Әл-Хамдан («Әл-Наср»), Салех Әл-Шехри («Әл-Иттихад»), Сұлтан Мадаш («Әл-Хиляль»), Айман Яхья («Әл-Наср»), Халид Әл-Ганнам («Әл-Иттифак»).

2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Сауд Арабиясы құрамасы Испания, Кабо-Верде және Уругвай құрамаларымен кездеседі.

Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді.

Сауд Арабиясы әлем чемпионатына арналған соңғы құрамын жариялады – sport-hub