Бразилия құрамасы әлем чемпионаты алдындағы жолдастық матчта алты гол соқты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Nelson Terme / CBF

Фото: Nelson Terme / CBF

Бразилия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында өткен жолдастық кездесуде Панаманы 6:2 есебімен жеңді.

Матч Рио-де-Жанейродағы Маракана стадионында өтті. Кездесудің екінші минутында-ақ Винисиус Жуниор есеп ашты. Одан кейін бразилиялықтар сапында Каземиро, Райан, Лукас Пакета, Игор Тиаго және Данило мергендігімен көзге түсті.

Панама құрамасы үшін есеп айырмасы Матеус Куньяның орындаған автоголдан кейін қысқарды. Ал екінші допты Карлос Харви соқты.

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді. Топтық кезеңде Бразилия құрамасы Марокко, Шотландия және Гаити құрамаларымен кездеседі. Ал Панама Англия, Хорватия және Гана құрамаларымен бір топта өнер көрсетеді.

Бразилия құрамасы әлем чемпионаты алдындағы жолдастық матчта алты гол соқты – sport-hub