Чехия құрамасы әлем чемпионатына арналған соңғы құрамын жариялады

Фото: FAČR
Чехия футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады.
Команданың түпкілікті тізіміне 26 футболшы енді. Олардың қатарында Патрик Шик, Томаш Соучек және Владимир Цоуфал секілді көшбасшылар бар.
Қақпашылар: Лукаш Горничек («Брага»), Матей Коварж (ПСВ), Индржих Станек («Славия»).
Қорғаушылар: Владимир Цоуфал («Хоффенхайм»), Давид Доудера («Славия»), Томаш Голеш («Славия»), Робин Гранач («Хоффенхайм»), Штепан Халоупек («Славия»), Давид Юрасек («Славия»), Ладислав Крейчи («Вулверхэмптон»), Ярослав Зелены («Спарта»), Давид Зима («Славия»).
Жартылай қорғаушылар: Лукаш Черв («Виктория»), Владимир Дарида («Градец-Кралове»), Лукаш Провод («Славия»), Михал Садилек («Славия»), Хьюго Сохурек («Спарта»), Александр Сойка («Виктория»), Томаш Соучек («Вест Хэм»), Павел Шульц («Лион»), Денис Вишински («Виктория»).
Шабуылшылар: Адам Гложек («Хоффенхайм»), Томаш Хоры («Славия»), Моймир Хитил («Славия»), Ян Кухта («Спарта»), Патрик Шик («Байер»).
Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Чехия құрамасы Мексика, Оңтүстік Африка Республикасы және Оңтүстік Корея құрамаларымен бір топта бақ сынайды. 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді.