Неймар Бразилия құрамасымен бірге алдағы әлем чемпионатына барады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Карло Анчелотти 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын Бразилия құрамасындағы ойыншылардың соңғы тізімін жариялады. 26 футболшыдан тұратын тізімге Неймар да енді. «Сантос» шабуылшысы 2023 жылдың қазан айынан бері ұлттық құрама сапында ойнамаған еді.

Футболшы тізе жарақатына байланысты ұзақ уақыт алаңнан тыс қалып, толық қалпына келгеннен кейін төртжылдықтың басты турниріне шақырту алды.

Бразилия құрамасының соңғы тізімі:

Қақпашылар: Алиссон («Ливерпуль»), Эдерсон («Фенербахче»), Вевертон («Гремио»);

Қорғаушылар: Алекссандро («Фламенго»), Бремер («Ювентус»), Данило («Фламенго»), Дуглас Сантос («Зенит»), Габриэл Магальяйнс («Арсенал»), Ибаньес («Аль-Ахли»), Лео Перейра («Фламенго»), Маркиньос (ПСЖ), Уэсли («Рома»);

Жартылай қорғаушылар: Бруно Гимарайнс («Ньюкасл»), Каземиро («Манчестер Юнайтед»), Данило Сантос («Ботафого»), Фабиньо («Аль-Ахли»), Лукас Пакета («Фламенго»);

Шабуылшылар: Эндрик («Лион»), Габриэл Мартинелли («Арсенал»), Игор Тиаго («Брентфорд»), Луис Энрике («Зенит»), Матеус Кунья («Манчестер Юнайтед»), Неймар («Сантос»), Рафинья («Барселона»), Райан («Борнмут»), Винисиус Жуниор («Реал»).

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді. Топтық кезеңде пентакампеондар Марокко, Гаити және Шотландия құрамаларына қарсы ойнайды.

Еске салайық, Бразилия құрамасы — бес дүркін әлем чемпионы және мундиаль тарихындағы ең титулы көп ұлттық құрама.