Мексика әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады

Фото: Getty Images
Мексика құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын соңғы ойыншылар тізімін жариялады. Команданың өтініміне 26 футболшы енді, деп хабарлайды Мексика футбол федерациясы.
Мексика құрамасының бас бапкері Хавьер Агирре тәжірибелі қақпашы Гильермо Очоаны, сондай-ақ Рауль Хименес, Сантьяго Хименес және Эдсон Альваресті құрамға қосты.
Қақпашылар: Рауль Ранхель («Гвадалахара»), Карлос Асеведо («Сантос Лагуна»), Гильермо Очоа (АЕЛ).
Қорғаушылар: Исраэль Рейес («Клуб Америка»), Хорхе Санчес (ПАОК), Сесар Монтес («Локомотив»), Эдсон Альварес («Фенербахче»), Хуан Васкес («Дженоа»), Хесус Гальярдо («Толука»), Матео Чавес (АЗ).
Жартылай қорғаушылар: Альваро Фидальго («Бетис»), Брайан Гутьеррес («Гвадалахара»), Орбелин Пинеда (АЕК), Эрик Лира («Крус Асуль»), Луис Ромо («Гвадалахара»), Обед Варгас («Атлетико»), Хильберто Мора («Тихуана»), Луис Чавес («Динамо» Мәскеу).
Шабуылшылар: Роберто Альварадо («Гвадалахара»), Сесар Уэрта («Андерлехт»), Гильермо Мартинес («Пумас»), Армандо Гонсалес («Гвадалахара»), Сантьяго Хименес («Милан»), Рауль Хименес («Фулхэм»), Хулиан Киньонес («Аль-Хадисия»), Эрнесто Вега («Толука»).
Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Мексика құрамасы Оңтүстік Африка Республикасы, Оңтүстік Корея және Чехия құрамаларымен кездеседі.
Турнир 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.