Месси әлем чемпионаты қарсаңындағы жолдастық матчқа қатыспайды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: AFA

Фото: AFA

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Гондурасқа қарсы жолдастық матчта ойнамайтын болды. Бұл туралы журналист Гастон Эдул хабарлады.

38 жастағы футболшының денсаулығына байланысты аздаған мәселе туындаған, сондықтан ол 7 маусым күні әлем чемпионатына дайындық аясында өтетін қорытынды кездесуге қатыспайды.

Соған қарамастан, Аргентина құрамасының көшбасшысы әлем чемпионаты басталғанға дейін толық қалпына келеді деп күтуде.

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Топтық кезеңде Аргентина құрамасы Алжир, Аустрия және Иордания құрамаларымен кездеседі.

Месси әлем чемпионаты қарсаңындағы жолдастық матчқа қатыспайды – sport-hub