Конференциялар лигасының үздік сұрмергені анықталды

Фото: Getty Images
Англиялық «Кристал Пэлас» клубының сенегалдық вингері Исмаила Сарр 2025/2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша УЕФА Конференциялар лигасының үздік сұрмергеніі атанды.
Футболшы турнирдегі 13 матчта тоғыз гол соқты.
Үздік мергендер тізімінде екінші орынды түркиялық «Самсунспор» шабуылшысы Мариус Муандилмаджи мен польшалық «Лех» форварды Микаэль Исхак өзара бөлісті. Екі ойыншы да он кездесуде сегіз голдың авторы атанды.
Ал «гол+пас» жүйесі бойынша турнирдің ең нәтижелі футболшысы Муандилмаджи болды. Ол сегіз гол және үш нәтижелі пасты қоса есептегенде 11 ұпай жинады.
Еске салайық, 2025/2026 жылғы Конференциялар лигасының жеңімпазы ағылшынның «Кристал Пэлас» клубы атанды. Финалда лондондық команда испаниялық «Райо Вальеканоны» 1:0 есебімен жеңіп, клуб тарихындағы алғашқы еурокубок трофейін төбесіне көтерді.