Конор Макгрегор Иэн Гэрриді Махачевпен жекпе-жек алдында қолдады

Аружан Талгат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Конор Макгрегор Ислам Махачевпен титулдық жекпе-жек алдында сынның астында қалған отандасы Иэн Мачадо Гэрриді қолдады.

Ирландиялық файтер чемпиондық белбеуге үміткер спортшыны ашық түрде жақтап, әлеуметтік желідегі The Mac Life парақшасындағы жазба астына пікір қалдырды. Макгрегордың пікірінше, Гэрриде UFC чемпионы атануға қажетті барлық қасиет бар.

«Ол нағыз жыртқыш. Бұл жігіт чемпиондық белбеуді жеңіп алады деп сенемін», – деп жазды ұйымның бұрынғы чемпионы.

Макгрегордың өзі де жартылай орта салмақтағы титул үшін күреске қайта оралуды жоспарлаған еді. Алайда оның UFC 329 турнирінде Лас-Вегаста өткен Макс Холлоуэйге қарсы жекпе-жегі 69-секундта аяқталды. Ирландиялық ауыр тізе жарақатын алып, чемпиондық жарыстан шығып қалды.

Енді ММА жанкүйерлерінің назары UFC 330 турниріне ауысты. Алдағы демалыс күндері Иэн Мачадо Гэрри октагонда қазіргі чемпион Ислам Махачевке қарсы шығып, ресейлік спортшының жартылай орта салмақтағы титулын тартып алуға тырысады.