Консейсаудың голы Португалияға Нигерияны жеңуге көмектесті
Бөлісу

Фото: Getty Images
Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясындағы жолдастық кездесуде Нигерияны 2:1 есебімен жеңді.
Ойынның алғашқы голын 23-минутта Педру Нету ашты. Алайда бірінші таймның соңына қарай нигериялықтар таразы басын теңестіріп, Акор Жером Адамс мергендігімен көзге түсті.
Екінші таймда қос команда жеңіс үшін тартысты жалғастырды. Кездесудің шешуші сәті 75-минутта орын алды. Франсишку Консейсау қарсылас қақпасына гол соғып, Португалия құрамасына жеңіс сыйлады.
Айта кетейік, Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде K тобында өнер көрсетеді. Команданың қарсыластары Өзбекстан, Колумбия және Конго Демократиялық Республикасы құрамалары.