Костюк Свитолинаны жеңіп, «Ролан Гаррос» – 2026 турнирінің жартылай финалына шықты
Бөлісу

Фото: Robert Prange
Украиналық теннисші Марта Костюк 2026 жылғы Франция ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
Ширек финалда әлемнің 15-ракеткасы өзінің отандасы, WTA рейтиңінде жетінші орында тұрған Элина Свитолинаны 6:3, 2:6, 6:2 есебімен жеңді.
Матч 1 сағат 50 минутқа созылды.
Финал жолдамасы үшін Костюк ресейлік Мирра Андреевамен кездеседі. Ресейдің бірінші ракеткасы атанған Андреева ширек финалда румыниялық Сорана Кырстяны 6:0, 6:3 есебімен ойсырата жеңді.
Еске салайық, биылғы маусымда топырақ төсенішіндегі «Үлкен дулыға» турнирінің жалпы жүлде қоры 72 811 352 долларды (шамамен 34,05 миллиард теңге) құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жүлде қоры рекордтық 9 478 131 долларға (шамамен 4,43 миллиард теңге) артқан.