Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес ресми түрде үйленді

Али Асетов··
Фото: cristiano / Instagram

Фото: cristiano / Instagram

Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес қарым-қатынастарын заңдастырды.

Португалиялық футболшы жұлдызды жұптың үйленгенін неке жүзіктерінің суретін жариялау арқылы өзі хабарлады.

Роналду мен Джорджинаның махаббат хикаясы 2016 жылы басталған. Бірнеше жылдан кейін жұп қарым-қатынастарын жаңа деңгейге көтеруге шешім қабылдады. 2025 жылдың 11 тамызында Родригес әлеуметтік желідегі парақшасында үлкен сопақ гауһар тасы бар сақинасын көрсетіп, құда болғанын жариялаған.

Бұған дейін БАҚ өкілдері тойды Роналдудың туған жері Мадейрада өткізуді жоспарлағанын жазған. Негізгі шара футболшы дүниеге келген Фуншалда өтуі тиіс болған. Салтанатты рәсімнен кейін қонақтар бес жұлдызды қонақүйлердің бірінде тойды жалғастыруы жоспарланған.

Роналду мен Родригес Мадридте танысқан. Ол кезде Джорджина Gucci дүкенінде кеңесші болып жұмыс істеген. Бұған дейін ол даяшы, бала күтуші және үй қызметкерінің көмекшісі болып жұмыс істеген. Жас кезінде Родригес би өнерімен де айналысып, ағылшын тілін жетілдіру үшін Ұлыбританияда тұрған.

Қазір Джорджина модель болып жұмыс істейді, әлеуметтік желідегі парақшаларын дамытып, телевизиялық және деректі жобаларға қатысады.

Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес ресми түрде үйленді – sport-hub