Кюрасао құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатында Гиннестің рекордтар кітабына енді
Бөлісу

Фото: FFK
Кюрасао ұлттық құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында ерекше жетістікке жетіп, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ол турнирге қатысқан командалардың ішіндегі халқы ең аз ел ретінде танылды.
Арал мемлекетінің халқы 156 115 адамды құрайды. Бұл футболдан әлем чемпионатына қатысқан елдер тарихындағы ең төмен көрсеткіш.
Айта кетейік, Кюрасао құрамасы турнирдегі алғашқы ойынында Германияға қарсы матч өткізіп, 1:7 есебімен жеңілді.
Ал алғашқы турдан кейін Германия мен Кот-д’Ивуар әрқайсысы 3 ұпайдан жинап, Е тобында көш бастады. Эквадор мен Кюрасао әзірге ұпайсыз қалып отыр.
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты 2026 FIFA World Cup АҚШ, Мексика және Канадада өтуде. Турнир 11 маусымда басталып, 19 шілдеде аяқталады.