Льюис Хэмилтон «Ферраримен» келісімшартын 2027 жылдың соңына дейін ұзартуы мүмкін

Фото: formula1.com
«Феррари» командасының пилоты Льюис Хэмилтон италиялық ұжыммен келісімшартын 2027 жылдың соңына дейін ұзартуы мүмкін.
Журналист Джулиан Дукесстің мәліметінше, жаңа келісім британдық шабандоздың бастапқы келісімшартында қарастырылған арнайы опция негізінде жасалады. Тараптар қаржылық талаптар бойынша алдын ала ортақ келісімге келген.
Ақпаратқа сәйкес, опцияның іске қосылуы Хэмилтонның биылғы маусымдағы нәтижелеріне байланысты болады. Егер ол жазғы үзіліске дейін чемпионаттың үздік үштігіндегі орнын сақтап, командаласы Шарль Леклерден жоғары тұрса, келісімшарттың ұзартылу ықтималдығы өте жоғары.
Жаңа келісім туралы ресми түрде Италия Гран-приіне дейін жариялануы мүмкін. Бұл жарыс 4-6 қыркүйек аралығында Монца автодромында өтеді.
Айта кетейік, Льюис Хэмилтон – «Формула-1» бойынша жеті дүркін әлем чемпионы.