Латурнус «Атыраумен» болған тең ойыннан кейін «Ақтөбе» жанкүйерлерінен кешірім сұрады

«Ақтөбе» шабуылшысы Виталий Латурнус Қазақстан Премьер-лигасының 10-туры аясындағы «Атыраумен» (1:1) өткен тең ойынға қатысты пікір білдірді.
«Матч қиын өтті. Біз ұпай жоғалтып, тең тарқастық. Менің ойымша, бұл соңғы екі аптадағы қысқа уақыт ішінде көп матч өткізгенімізге байланысты. Жанкүйерлерден кешірім сұрағым келеді. Біз міндетті түрде күштірек болып ораламыз. Құдай қаласа, жарақат алған ойыншыларымыз да жақын арада қатарға қосылады. Олардың тезірек сауығып кетуін тілеймін және барлығы мүмкіндігінше тезірек сапқа оралса деймін. Біз әрі қарай да еңбек етіп, дайындала береміз. Құдай қаласа, алдағы матчтардың бәрінде жеңіске жетеміз», – деді Латурнус.
Осы маусымда клуб тәрбиеленушісі команда сапында 11 матч өткізіп, бір гол соқты және бір нәтижелі пас берді.
Он турдан кейін «Ақтөбе» 14 ұпай жинап, ҚПЛ турнирлік кестесінде жетінші орында тұр. «Ақ-қызылдар» келесі ойынын «Қызылжарға» қарсы өткізеді.