Қазақстан U21 құрамасы Беларусьпен жолдастық матчтар өткізеді

Фото: ҚФФ
21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы маусым айында Беларусь құрамасына қарсы екі рет жолдастық ойын өткізеді. Екі кездесу де қарсылас алаңында өтеді.
Алғашқы матч 5 маусым күні Барановичидегі қалалық стадионда өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. Екінші ойын болса, 8 маусым күні Минскідегі «Трактор» стадионында өтпек. Басталуы Қазақстан уақытымен 20:00-ге жоспарланған.
Құрама матчтарға дайындығын 30 мамыр күні бастайды. Жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны Талғарда өтеді.
Қазақстан U21 құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі өнерін жалғастырып жатыр. Өткен ойындардан кейін команда D тобында төрт ұпаймен соңғы орында келеді.
Қазақстан жастары келесі ресми матчтарын қыркүйек айында өткізеді: 25 қыркүйекте — Англияға қарсы, 29 қыркүйекте — Ирландияға қарсы.