Покатилов пен «Сабах» Әзербайжан чемпионатында «Нефтчиге» есе жіберді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: «Сабах» ФК

Фото: «Сабах» ФК

Бакулік «Сабах» Әзербайжан чемпионатының 32-туры аясындағы үйдегі ойынында «Нефтчиден» 1:2 есебімен жеңіліс тапты. Стас Покатилов негізгі құрамда алаңға шығып, команда капитаны болды және матчта толық 90 минут өнер көрсетті.

Алаң иелері сапынан үшінші минутта Алексей Исаев гол соғып, есепті ашқан болатын. Алайда артынша қожайын команда өз қақпасына екі гол өткізіп алды. Гол авторлары — Андрей Штогрин мен Ифеаньи Мэтью болды. Маусым аяқталғанға дейін «Сабах» тағы бір матч өткізеді.

Осы маусымда Покатилов барлық турнирде 42 матч өткізіп, 15 ойында қақпасын құрғақ ұстады. Айта кетейік, бұған дейін «Сабах» мерзімінен бұрын чемпион атанып, Әзербайжан кубогын да жеңіп алды.

Әзербайжан клубына ауысқанға дейін Стас қақпашы «Шахтер», «Ақжайық», «Тобыл», «Ақтөбе», «Қайрат» және ресейлік «Ростов» клубтарында өнер көрсетті. Сондай-ақ, 32 жастағы голкипер Қазақстан құрамасы сапында 29 матч өткізді.

Покатилов пен «Сабах» Әзербайжан чемпионатында «Нефтчиге» есе жіберді – sport-hub