Леандро Троссард «Арсеналдан» «Бешикташқа» ауысады

Фото: RBFA
Лондондық «Арсенал» клубының вингері Леандро Троссард мансабын түркиялық «Бешикташта» жалғастырады. Тараптар трансфер шарттарын келісіп қойған.
Фабрицио Романоның мәліметінше, трансфер құны бонустарды қоса есептегенде 20 миллион еуроны құрайды. Троссард үш жылдық келісімшартқа қол қояды, сондай-ақ оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Жақын күндері 31 жастағы бельгиялық Стамбулға медициналық тексерістен өту үшін барады.
Еске салайық, Троссард «Арсеналға» 2023 жылдың қысында «Брайтоннан» 24 миллион еуроға ауысқан болатын. 2025/26 маусымында ол барлық турнирде 50 матч өткізіп, 8 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.
2026 жылғы әлем чемпионатында вингер Бельгия құрамасы сапында 6 матч өткізіп, 2 гол және 2 нәтижелі паспен көзге түсті. Бельгиялықтар ширек финалда Испаниядан 1:2 есебімен жеңіліп, турнирден шығып қалды.