Бельгия құрамасы әлем чемпионатындағы жеңістен кейін ФИФА-ны әжуалады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: instagram_belgianreddevils

Фото: instagram_belgianreddevils

Бельгия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында АҚШ-ты 4:1 есебімен жеңгеннен кейін америкалық шабуылшы Флориан Балогунның ойынға қатысуына қатысты жағдайға өз көзқарасын білдірді.

Кездесуден соң Бельгия құрамасының ресми парақшасы Ромелу Лукакудың суретін жариялап, оған «Мұны да алып тастаңдар» деген жазба қалдырды.

Бұл жазба матч алдындағы жағдайға меңзеді. Бұған дейін ФИФА-ның тәртіптік комитеті Боснияға қарсы кездесуде (2:0) қызыл қағаз алған Флориан Балогунның дисквалификациясын жойып, оған Бельгияға қарсы матчқа қатысуға рұқсат берген болатын.

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, мұндай шешім АҚШ президенті Дональд Трамптың араласуынан кейін қабылданған. Бұл жағдай футбол жанкүйерлері мен мамандары арасында қызу талқыға түсті.

Айта кетейік, Бельгия құрамасы ширек финалда Испаниямен кездеседі. Матч 11 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалы 19 шілдеде болады.

Бельгия құрамасы әлем чемпионатындағы жеңістен кейін ФИФА-ны әжуалады – sport-hub