АҚШ – Бельгия матчының үздік ойыншысы анықталды

ФИФА
Бельгия құрамасының жартылай қорғаушысы Шарль де Кетеларе 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы АҚШ-қа қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды.
Италияның «Аталанта» клубының жартылай қорғаушысы кездесудің 9 және 33-минуттарында дубль авторы атанып, бір нәтижелі пас берді. Оның жарқын ойынының арқасында Бельгия құрамасы АҚШ-ты 4:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.
Енді бельгиялықтар 11 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де Испания құрамасымен кездеседі.
Айта кетейік, топтық кезеңде Бельгия мен Испания өз топтарында бірінші орын алған болатын. Ал 1/16 финалда Испания Аустрияны 3:0 есебімен жеңсе, Бельгия Сенегалдан 3:2 есебімен басым түсті.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде аяқталады.