Куртуа әлем чемпионаттарындағы Льористің жетістігін қайталады

Бегасыл Амирбай ··
ФИФА

ФИФА

Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа әлем чемпионаттары тарихында ең көп матч өткізген қақпашылар тізімінде екінші орынға көтерілді.

2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Бельгия құрамасы АҚШ-ты 4:1 есебімен жеңді. Бұл кездесу 34 жастағы Куртуа үшін әлем чемпионаттарындағы 20-матч болды.

Осы көрсеткіш бойынша бельгиялық қақпашы Франция құрамасының бұрынғы қақпашысы Уго Льористің нәтижесіне теңесті. Ал бұл рейтингтің көш басында 23 матчпен Германия қақпашысы Мануэль Нойер тұр.

Жалпы Куртуа Бельгия құрамасы сапында 114 матч өткізіп, ұлттық құраманың рекорд иесі атанып отыр. Ол ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 2011 жылы Словенияға қарсы жолдастық кездесуде өткізген.

Айта кетейік, ширек финалда Бельгия құрамасы 1/8 финалда Португалияны 1:0 есебімен жеңген Испаниямен кездеседі.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде мәресіне жетеді.