Басты бет
·
Қысқы ойындар

Лердам 2026 жылғы Олимпиададағы жеңісінен кейін мансабын уақытша тоқтатты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: ISU

Фото: ISU

Нидерландылық Олимпиада чемпионы Ютта Лердам 2026/27 маусымында жарыстарға қатыспайды. Алайда спортшы әзірге мансабын аяқтайтынын жариялаған жоқ.

27 жастағы конькиші бұл туралы өзінің YouTube арнасында жариялаған видеосында айтты.

«Мансабымды аяқтаймын ба? Бір нәрсе анық: бұл маусымда мені мұз айдынынан көрмейсіздер. Жарыстарға қатыспаймын. Бірақ спорттан кету туралы шешім тым түбегейлі естілер еді. Өйткені бұл мен шын жақсы көретін дүниеге апаратын есікті біржола жабуды білдіреді. Конькимен жүгіру спорты менің өмірімдегі басты құштарлығым болды және әлі де менің болмысымның үлкен бөлігі. Сондықтан бұл есікті мәңгілікке жабу мен үшін дұрыс болмас еді. Мен бұл спортты тым қатты жақсы көремін», - деді Лердам.

Еске салайық, 2026 жылғы Олимпиада ойындарында Лердам 1000 метр қашықтықта алтын, ал 500 метрде күміс медаль жеңіп алды. Төрт жыл бұрын Бейжің Олимпиадасында ол 1000 метр қашықтықта екінші орын алған.

Лердамның еншісінде әлем чемпионаттарының жеті алтын медалі бар: 1000 метрде - екі, командалық спринтте, төрт және спринтерлік көпсайыста, бір алтын. 2022 жылғы әлем чемпионатында ол спринтерлік көпсайыс пен командалық спринтте жеңіске жеткен.