«Левски» Чемпиондар лигасында «Қайратқа» қарсы алғашқы матчқа құрамын жариялады

Аружан Талгат··
Левски ФК

Левски ФК

Болгарияның «Левски» клубы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Қайратқа» қарсы алғашқы матчқа арналған құрамын жариялады. Команда тізіміне 21 футболшы енгізілді.

Софиялық клубтың бас бапкері Хулио Веласкес өтінімге қақпашылар Светослав Вуцов пен Мартин Луковты, қорғаушылар Огнян Владимиров, Алдаир, Хевертон, Кристиан Димитров, Никола Серафимов және Кристиан Макунды, сондай-ақ жартылай қорғаушылар мен шабуылшылар Алекс Сентейес, Гашпер Трдина, Мехди Мубарик, Асен Митков, Сержиньо, Мазир Сулу, Эвертон Балу, Адриан Райчев, Давид Кусо, Армстронг Око-Флекс, Рейналдо, Стивен Стоянчов және Хуан Переаны қосты.

Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Левски» мен «Қайрат» арасындағы алғашқы матч 4 тамыз күні Софиядағы «Георги Аспарухов» стадионында өтеді. Ойынның басталуы Қазақстан уақытымен 22:30-ға жоспарланған.

Еске салайық, «Қайрат» үшінші іріктеу кезеңіне Кипрдің «Омония» клубымен өткен тартысты текетірестен кейін жолдама алды. Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталмағанымен, пенальти сериясында алматылық клуб 6:5 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге өтті және нәтижесіне қарамастан еурокубоктардың күзгі кезеңіне қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етті.

«Левски» Чемпиондар лигасында «Қайратқа» қарсы алғашқы матчқа құрамын жариялады – sport-hub