«Ливерпульдің» бұрынғы футболшысы алимент төлемегені үшін шартты жазаға кесілді

«Ливерпуль», «Болтон» және шотландиялық «Рейнджерс» клубтарының бұрынғы шабуылшысы Әл-Хаджи Диуф алимент төлемеу ісі бойынша бір жылға шартты жаза арқалады. Бұл туралы The Scottish Sun хабарлады.
Сенегалдық футболшы 2024 жылдың наурыз айынан бері бұрынғы жұбайы Валери Бишоп алдындағы қаржылық міндеттемелерін орындамағаны үшін кінәлі деп танылды. Өткен жылы әйел шамамен 14 мың фунт стерлинг көлеміндегі төлемдердің кешігуіне байланысты сотқа жүгінген. 2023 жылы ажырасқаннан кейін олардың қазіргі таңда 17 жастағы қызы Кейлаға қамқорлық жасау құқы Бишопқа берілген еді.
Сот 45 жастағы Диуфты бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырып, бұрынғы жарына 13,3 мың фунт стерлинг қаржыны өтеуге міндеттеді.
Эль-Хаджи Диуф — Шотландия чемпионы, Англия лигасы кубогының иегері, 2002 жылғы әлем чемпионатының қатысушысы және Африка ұлттар кубогының күміс жүлдегері.