«Ливерпуль» Колумбия жасөспірімдер құрамасының ойыншысын сапына қосты

Бегасыл Амирбай ··
«Ливерпуль» ФК

«Ливерпуль» ФК

«Ливерпуль» Колумбияның «Атлетико Насьональ» командасынан 17 жастағы жартылай қорғаушы Самуэль Мартинесті өз қатарына қосқанын ресми түрде жариялады.

Футболшының ауысқаны туралы «Ливерпульдің» ресми сайты хабарлады. The Athletic басылымының мәліметінше, трансфер құны шамамен 1 миллион долларды құраған. Сонымен қатар, «Атлетико Насьональ» ойыншының болашақтағы сатылымынан белгілі бір пайыз алу құқығын сақтап қалды.

Мартинес ағылшын клубымен 2031 жылдың жазына дейін есептелген бес жылдық келісімшартқа қол қойды. 2027/28 жылғы маусымды ол «Ливерпуль» академиясының жүйесінде бастайды.

17 жастағы футболшы Колумбияның ең талантты жас ойыншыларының бірі саналады. Сәуір айында ол елдің 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасына Оңтүстік Америка чемпионатын жеңіп алуға көмектесті. Мартинес турнирдегі барлық алты матчқа қатысқан.