«Ливерпуль» «Комоны» жеңіп, АПЛ басталар алдындағы соңғы матчын өткізді

Бегасыл Амирбай ··
«Ливерпуль» ФК

«Ливерпуль» ФК

Англиялық «Ливерпуль» «Энфилд» стадионында өткен жолдастық кездесуде италиялық «Комоны» жеңіп, маусым алдындағы дайындығын жеңіспен аяқтады.

Матч 2:0 есебімен аяқталды. Алаң иелері екі голды да бірінші таймда соқты. 23-минутта Жереми Фримпонгтың пасынан кейін Коди Гакпо есеп ашты. Ал үзіліс алдында Жереми Жаке командасының басымдығын еселей түсті. Бұл эпизодта Гакпо нәтижелі пас авторы атанды.

Жаке үшін бұл матч ағылшын клубына ауысқаннан кейін «Энфилдте» өткізген алғашқы ойыны болды. Екінші таймда француз қорғаушысының орнына «Барселонадан» жалға алынған Рональд Араухо алаңға шықты. Ол да «Ливерпуль» жанкүйерлері алдында алғаш рет өнер көрсетті.

Бұл «Ливерпуль» мен «Комо» командаларының бір күндегі екінші кездесуі болды. Бұған дейін клубтар жабық бақылау матчында кездесіп, 0:0 есебімен тең түскен.

«Ливерпуль» келесі матчын Англия Премьер-лигасы аясында өткізеді. 23 тамызда команда сырт алаңда «Ньюкаслмен» кездеседі. Ал «Комо» жаңа маусымды 22 тамызда қонақта «Удинезеге» қарсы матчпен бастайды.

Матчтың бейнешолуы.

«Ливерпуль» «Комоны» жеңіп, АПЛ басталар алдындағы соңғы матчын өткізді – sport-hub