«Арсенал» «Комоны» пенальти сериясында жеңді

«Комо» ФК
Ағылшындық «Арсенал» Лондондағы «Эмирейтс» стадионында өткен жолдастық кездесуде италиялық «Комоны» жеңді. Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталып, пенальти сериясында алаң иелері 4:3 есебімен басым түсті.
Есеп матчтың 33-минутында ашылды. «Арсенал» қорғаушысы Майлз Льюис-Скелли командасын алға шығарды. Үзіліске дейін «Комо» таразы басын теңестіріп үлгерді. 43-минутта жартылай қорғаушы Мартин Батурина көзге түсті. Екінші таймда командалар есепті өзгерте алмады. Осыдан кейін жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бұл сында «Арсенал» футболшылары дәлірек болып, 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Өткен маусымда «Арсенал» Англия Премьер-лигасының чемпионы атанды. Сонымен қатар лондондық клуб Чемпиондар лигасының финалына дейін жетіп, онда ПСЖ-дан (1:1, пенальти бойынша 3:4) жеңілді. Ал «Комо» 71 ұпаймен А сериясының маусымын төртінші орында аяқтап, Чемпиондар лигасында өнер көрсету құқығына ие болды.