«Комо» «Челси» қорғаушысы Чалобаны ресми түрде қатарға қосты

Бегасыл Амирбай ··
«Комо» ФК

«Комо» ФК

Италиялық «Комо» клубы «Челсидің» 27 жастағы қорғаушысы Трево Чалобаның трансферін ресми түрде жариялады.

Англиялық футболшы «Комомен» 2031 жылдың жазыna дейін келісімшартқа қол қойды.

«Мен “Комоға” ауысқаныма қуаныштымын әрі мақтан тұтамын. Бұл қарқынды дамып келе жатқан, үлкен мақсаттары бар клуб. Сонымен қатар Сеск Фабрегаспен қайта жұмыс істеу мүмкіндігі бұл трансферді ерекше етеді. Алаңға шығып, стадион атмосферасын сезінуді және жанкүйерлермен танысуды асыға күтіп жүрмін. Командамен бірге тарих жазу үшін күн сайын жүз пайызымды беремін», – деді қорғаушы.

Чалоба «Челси» академиясының түлегі және мансабының басым бөлігін лондондық клубта өткізді. Сонымен қатар ол жалға беру негізінде «Ипсвич Таун», «Хаддерсфилд Таун», француздың «Лорьян» және «Кристал Пэлас» клубтарында ойнаған.

Өткен маусымда ағылшын футболшысы барлық турнирлерде 47 матчқа қатысып, үш гол соқты. Айта кетейік, жаңа маусымда «Комо» УЕФА Чемпиондар лигасында да өнер көрсетеді.