«Комо» дортмундтық «Боруссияның» қорғаушысын жалға алды

Бегасыл Амирбай ··
«Комо» ФК

«Комо» ФК

Италиялық «Комо» бразилиялық қорғаушы Ян Коутудың трансферін ресми түрде жариялады. Футболшы Дортмундтың «Боруссиясынан» Сеск Фабрегас жаттықтыратын командаға жалға ауысты.

Келісімшарт жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін ойыншыны толық сатып алу мүмкіндігін қарастырады. Goal мәліметінше, «Комо» жалға алу үшін 2 миллион еуро төлеген, ал толық трансфер құқығын сатып алу опциясы 20 миллион еуродан асады.

Команда бас бапкері Сеск Фабрегас жаңа ойыншының қабілеттерін жоғары бағалады.

«Ян – батыл әрі техникалық шебер футболшы. Ол бізге оң қапталда бірнеше ойын нұсқасын береді. Ол шабуылға қосылғанды ұнатады, жұмысқа қабілеті жоғары және біздің стилімізге жақсы сәйкес келеді. Жасына қарамастан, оның тәжірибесі мол. Біз оның бізбен бірге әрі қарай дамитынына сенімдіміз», – деді Фабрегас.

Өткен маусымда 24 жастағы қорғаушы дортмундтық «Боруссия» сапында барлық турнирде 19 матч өткізіп, 2 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.