«Комо» Чемпиондар лигасына өтінім беру кезінде қиындыққа тап болды

Бегасыл Амирбай ··
«Комо» ФК

«Комо» ФК

«Комо» клубы Чемпиондар лигасына қатысуға өтінім жасауда қиындықтарға тап болуы мүмкін. УЕФА ережелеріне байланысты италиялық команда турнирге небәрі 16–17 футболшыны ғана тіркей алады.

Foot Mercato мәліметінше, мәселе УЕФА талаптарымен байланысты. Ереже бойынша клубтар құрамында жергілікті академияларда тәрбиеленген ойыншылардың белгілі бір минималды саны болуы керек.

«Комо» бас бапкері Сеск Фабрегас команданың 25 футболшыдан тұратын толық тізімді жасай алмауы мүмкін екенін растады.

«Чемпиондар лигасында өтінімде небәрі 16 немесе 17 ойыншысы бар командамен ойнауға тура келуі де мүмкін», – деді испаниялық маман.

Клуб басшылығы бұл мәселені жас футболшылардың есебінен шешуді жоспарлап отыр. Қыста команда сапын Алессио Баралла толықтырса, жазда «Комо» Маттия Либералимен келісімшарт жасасты. Сонымен қатар Фабрегас қорғаушы Кайкидің мүмкіндігін жоғары бағалап, жастар командасының ойыншыларын негізгі құрамға тартуды көздеп отыр.

Бұған дейін «Комо» «Фиорентинаның» шабуылшысы Мойзе Кинге де қызығушылық танытып отырғаны хабарланған еді. Ол УЕФА талаптарына сай клуб тәрбиеленушісі мәртебесіне сәйкес келеді.