«Реал» мен «Комо» Нико Пас трансфері бойынша келісімге келе алмай отыр
Бөлісу

Фото: «Комо» ФК
Италиялық клуб 2024 жылдың жазында испандық алпауыттан ауысып келген хавбекті өз құрамында қалдырғысы келеді.
Sky Sport Italia мәліметінше, «Комо» «корольдік клубтың» футболшыны 10 млн еуроға қайта сатып алу опциясын іске қосуына келіспейді. Ал «Реал» керісінше, егер италиялық команда Пасты сақтап қалғысы келсе, онда оны толыққанды трансфер арқылы сатып алуы керек деп есептейді.
Бұған дейін БАҚ «Реал» 21 жастағы жартылай қорғаушыны 60 млн еуроға бағалап отырғанын хабарлаған.
Өткен маусымда Пас барлық турнирде 40 матчқа қатысып, 13 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Футболшымен жасалған қазіргі келісім 2028 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, ойыншының нарықтағы құны 80 млн еуро.